Қарағанды облысында газдың шекті құны бекітілді. Енді тұрғындар көгілдір отынның бір текше метріне 40 теңге 9 тиын төлейді. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» ұлттық операторының өкілдері хабарлады. Бекітілген баға жылу энергетикалық компаниялар мен бюджеттік ұйымдарға да қатысты. Ал сұйытылған газ өндіретін заңды тұлғаларға шекті баға бір текше метріне 46 теңге. Қазір Қазақстанда ең қымбат көгілдір отын - Қарағанды облысында.
Ақерке Бектас