Бір жылда мұнай өңдеу зауыттарының тек біреуі жөндеуге жабылуы тиіс - Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жылда мұнай өңдеу зауыттарының тек біреуі жөндеуге жабылуы тиіс - Министр

11.11.2021

Бұдан былай елдегі мұнай өңдеу зауыттарының бір жылда тек біреуі ғана күрделі жөндеуге жабылуы тиіс. Отандық мұнай өңдеу зауыттарының басшылары мен нарықты жанар жағар май өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпорын өкілдері қатысқан жиында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деп мәлімдеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібінің ескіргенін айтқан министр «ҚазМұнайГаз» басшылығына зауыттарда жөндеу жүргізудің 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Әйтпегенде, көктемгі егіс пен күзгі орақ қызған шақта еліміздегі мұнай зауыттары жөндеуге жабылып, тапшылық сезіледі. Тиісінше, баға шарықтап шыға келеді.

Ел нарығында дизель және авиаотын да тапшы. Себебі Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынының айлық мөлшері 30-40 мың тоннаға дейін аз өндіріледі. Себебі гидротазарту компрессорында ақау бар. Оны тек 5 айдан кейін ғана ауыстыру мүмкін болады. Сондықтан министр кәсіпорын басшысына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды. Сондай-ақ  министр Павлодар және Екібастұз қалаларындағы қуат өндіретін кәсіпорындарға да барды. Еліміздің аймақтарын электр энергиясымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты жиын өткізілді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу