Семейде алаяқтығы үшін ерлі-зайыптылар бас бостандығынан айрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде алаяқтығы үшін ерлі-зайыптылар бас бостандығынан айрылды

12.11.2021

Семейде тұрғындарды жиһазға тапсырыс аламыз деп алдаған ерлі-зайыптылар сотталды. Алаяқтық жолмен олар 41 миллион теңгеге жуық қаржыны қолды қылған. Қылмыскерлер әлеуметтік желіге жарнама берген. Келген адамдарға жиһаздың суретін көрсетіп, түр-түсін ақылдасып, ақшасын алған соң түбіртекке дейін жазып беріп, сенімдеріне кірген. Осылайша олар 140-тан астам қала тұрғынынан алдын ала ақша жинаған. Бірақ уәделерін орындамаған. Сот оларды кінәлі деп тапты.

Торғын Құдайбергенова,  қалалық №2 соттың судьясы:

Көшербаеваны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, Айтқалиевты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.


Хабарламаларға жазылу