Түркістан облысына Рfizer вакцинасының 29 мыңнан астам дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына Рfizer вакцинасының 29 мыңнан астам дозасы жеткізілді

12.11.2021

Түркістан облысына Рfizer вакцинасының алғашқы 29 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Қазір мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, екпе егудің тиімді тұстары айтылуда. Мамандардың айтуынша, вакцина алдымен 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады. Облыста жыл басынан бері ауру жұқтыру дерегі 142 мектепте тіркелген. Ковидке шалдыққан 392 оқушының 314-і сабақ кезінде жұқтырған. Ал 78-і жазғы демалыста ауырғандар. 214 сынып карантинге жабылған.

Нұрхан Нарымбетова, облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде 150 егу пункті бар облыс бойынша.  80 жылжымалы бригада бар. Сол 80 бригада ертең қай мектеп дайын десе, график бойынша сол мектепке барады. Мамандандырылған, рұқсатнамасы бар медбикелер екпе егеді. Ал ата-аналар мектепке емес, емханаға апарамын десе, апара алады. Ол өздерінің құқығы.


Хабарламаларға жазылу