Енді елде әрбір заңды тұлғаның студенттерге арналған жатақхана салып, одан табыс алуға мүмкіндігі бар. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, жобаға қатысуға ниет білдірген инвестор өз ақшасына нысан салып, 8 жыл ішінде пайдалануға берілгеннен кейін әрбір төсек орны үшін мемлекеттен төлем алады.
Сонымен бірге оған «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» арқылы 9%-ға дейінгі банктік несиені субсидиялау мен дайын жобалық-сметалық құжат беру секілді қолдау қарастырылған. Елде 62 мыңнан аса студент жатақханаға мұқтаж. Негізгі сұраныс Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында.
Ақерке Бектас