Ақмола облысы Степногорск қаласындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернатындағы оқушылар арасындағы әлімжеттікке қатысты оқу орнының директоры қызметінен қуылды. Ал облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді.
Естіріңізге сала кетейік, колледждің 8-сынып оқушысы өзінен кіші 2 баланы ұрып, ақша талап еткен. Басқа оқушылар осы сәті бейнетаспаға түсіріп тұрған. Тексеріс барысында мектеп директоры әлімжеттік көрсеткен балаларды бірінші тоқсан аяқталған соң, оқудан шығарып жібергені анықталды. Алайда ол бұл туралы жауапты мекемелерге хабарламаған. Тексеріс жүргізілмеген. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ермек Маржықпаев, облыс әкімі:
Бұл жүйелі түрде болған деп ойлаймын. Тәрбие жұмысы дұрыс жүргізілмеген. Олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі директорын жұмыстан босату керек деп ойлаймын. Ал мектеп-интернат қарайтын облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялаймын. Степногорск қаласы әкімінің жауапты орынбасарына да тәртіптік жаза қолдауды ұсынамын.