Ауылдарды дамытуға қосымша қаржы бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдарды дамытуға қосымша қаржы бөлінеді

15.11.2021

Ауылдарды дамытуға арналған бағдарламалар баянды жүзеге асуда. Елде даму әлеуеті жоғары 3561 ауылдың тізімі жасалған. Премьер-Министр Асқар Маминнің сөзінше, алдағы 4 жылда ауыл инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мақсатында 20 мыңнан астам жобаны іске асыруға қосымша 1,3 трлн теңге бөлінеді. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай 3561 ауыл жаңғыртылады. Үкіметте Тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктер де тілге тиек етілді. 30 жылы ішінде ЖІӨ 11,4 млрд доллардан $188,9 млрд долларға дейін яғни, 17 есе өскен. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 380 млрд доллардан асты. 30 жыл ішінде тауар айналымы 1,5 млрд-тан 94 млрд долларға дейін жеткен.

Қазақстанда тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Қазір елімізде екпенің екі компонентін бірдей 7 млн 800 мың адам алған. Яғни толық екпе алған ересек тұрғындардың қамтылуы, шамамен, 69%-ға жетті. Жүйелі эпидемиологиялық саясаттың арқасында Қазақстан - ТМД-да вакцинаның екі компонентімен егілген халық үлесі бойынша бірінші орында. Алайда бұл вакцина алғандар толық қорғалған деген сөз емес. Ревакцинация қажет.


Хабарламаларға жазылу