Инфляцияның салдарынан көлік бағасы да тоқтаусыз өсіп жатыр. Автобизнес қауымдастығының дерегі бойынша жыл басынан бері жаңа көліктер 8,3, ал жүрілген машиналар 10 пайыздай қымбаттаған.
Бағаның көтерілуіне негізінен автокөлік жетспеушілігі әсер етіп жатыр. Оның үстіне логистика мен метал бағасының өсуі де көлік құнын аспандатып жіберген. Қазір салондарда теміртұлпар тапшы. Жұрт жаңа көлікке кезікке тұрып, айлап күтуге мәжбүр. Сарапшылар нарық келер жылдың ортасында қалпына келеді деп болжап отыр. Айта кетейік, елімізде 10 айда 100 мыңдай жаңа машина сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға көп.
Досжан Маратұлы