Алматыда тағы карантин жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тағы карантин жеңілдейді

15.11.2021

Алматыда тағы карантин жеңілдейді. Ол үшін алып шаһар апта соңына дейін коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл»  аймақта болуы тиіс. Мегаполис кешеден бастап «жасыл» аймаққа өтті. Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, жағдай одан ары тұрақталса, 21 қарашадан бастап Алматыда «жасыл» аймаққа сай жұмыс режимі енгізіледі. Бұл уақытта Ashyq нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа ұзарады. Түрлі іс-шараларды, жиындарды өткізу ережелері өзгереді. «Алматыдағы эпидахуалдың тұрақталуына екпе алудың да маңызы зор»,- дейді белсенді жастар.
Нұрсұлтан Бекқайыров, «Jas Otan» Алматы қалалық филиалының төрағасы:
Осы оқу жылы басталғалы вакцинация мәселесі жастар арасында өте үлкен сұрақтар туындады. Студенттер қаламызға келгеннен бастап мониторингтік топ құрдық. Вакцинацияға қатысты қандай да бір мәселелер болса, соны уақытылы, нақты шешуге тырыстық.
Қазір екпе алғандар бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Өткен тәулікте 1184 тұрғын вакцина салдырды. Ал 1 ақпаннан бастап вакцинаның бірінші компонентін 1 млн-нан астам адам, 960 мың адам - екінші компонентін алған. Мегаполисте 12 қарашадан бастап Pfizer вакцинасы салына бастады. Коронавирусқа қарсы екпенінің бұл түрін жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер алады. Вакциналау қалалақ емханаларда жүргізіліп жатыр. Қазір қала бойыншща 132 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр.

Хабарламаларға жазылу