Белгісіз тұлға аулада тұрған «Хюндай» маркалы автокөлікті айдап кеткен. Дер кезінде тәртіп сақшыларына хабарласқан жәбірленушінің шағымы бойынша, қылмыс жасамақ болған күдікті бірден қолға түсті.
Күдікті полиция қызметкерлерін әбден әбігерге салды. Қала ішінде жылдамдықты асырып, жол ережелерін бұзды. 38 жастағы белгісіз тұлға қала сыртына шығуға тырысқан. Алайда ол жоспары іске аспай қалды. Сасқалақтаған күдікті көлікті басқара алмай, Тараз қаласындағы шағын ауданның ауласындағы балалар алаңшасына барып соғысты. Көлікті тастап, оқиға орнынан қашып кетпек болғанымен, жылдам әрі шапшаң іске кіріскен полиция қызметкерлері бірден ұстады. Қазіргі таңда ұсталған азамат Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.