Халық қалаған вакцинасын ақылы түрде салдыра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық қалаған вакцинасын ақылы түрде салдыра алады

16.11.2021

Халық қалаған вакцинасын ақылы түрде ала алады. Бүгін Денсаулық сақтау министрі екпені коммерциялық нарыққа жеткізуге қолдау сұрады. Үкімет отырысына Нысаналы Ығыл қатысқан болатын. 

Нысаналы Ығыл, тілші:
Иә, қалауына қарай вакцина қабылдау мәселесі әлсін-әлсін көтеріліп жүрген. Енді бұған назар салатын кез келген сияқты. Үкімет басшысы ұсынысқа қарсылық танытпай, нарықты қажет екпемен қамтуды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Жалпы, Қазақстан вакцина салдыру бойынша ТМД аумағында алғашқы орынға шықты. Жуырда елге Pfizer екпесі де жеткізілген еді. Көлемі - 379 мың. Препаратты 7 өңір жұрты қабылдай бастады. Бүгінде 1313 жеткіншек пен 247 жүкті және емізетін аналар салдырды. Pfizer-дің кейінгі легі елге 20 қарашада келеді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу