Оқушыларға вакцина ата-ананың рұқсатымен салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға вакцина ата-ананың рұқсатымен салынады

16.11.2021

Елордада 12-17 жас аралығындағы оқушылар мен жүкті немесе бала емізіп жүрген әйелдерге Pfizer екпесі салына бастады. Бұл - елімізде тіркелген алтыншы екпе. Әзірге ел үкіметі сатып алған 4 млн доза вакцинаның 380 мыңы әкелінген. Бұдан бұрын екпені -90 градус температурада сақтайтын суытқыш жабдық сатып алынды. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Дана Манабаева, 10 сынып оқушысы: 
Мен өзім секілді жастарды вакцина салдыртуға шақырамын. Бірінші кезекте, бұл - денсаулық кепілі. Екіншіден, бізді қоршаған адамдардың қауіпсіздігі. Сондықтан сенімді ақпаратқа сенуге шақырамын. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу