Елімізде жыл аяғына дейін ақылы түрде салынатын вакцина айналымға енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл аяғына дейін ақылы түрде салынатын вакцина айналымға енеді

16.11.2021

Жыл аяғына дейін ақылы түрде салынатын вакцина айналымға енеді. Сала министрі халықтың таңдаған екпесін қабылдауына мүмкіндік берілуі керек деді. Премьер-Министр ұсынысты қолдады. Әңгіме бірінші кезекте Pfizer вакцинасы туралы болып отыр.

Жалпы, бүгінге дейін 8 жарым млн адам тегін вакцинаның алғашқы дозасын алған. Екінші компонентін 7,8 млн адам салдырды. Осылайша Қазақстан ТМД аумағында вакциналау бойынша үздік танылып отыр. Қазір 10 облыс «жасыл» аймақта. Негізі індеттен сақтану үшін егу шарасын күшейту керек. Осы ретте вакцинаны коммерциялық нарыққа жеткізу оң ықпал етеді деп топшылап отыр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Жыл аяқталғанша вакцинаны айналымға енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни ақылы түрде салдыру сол кезден басталуы керек. Қазір екпені жеткізу, оны сақтау механизмдері пысықталып жатыр. Негізі препарат өңірлердегі арнаулы қоймаларда сақталады. Бастапқы кезеңде Pfizer-ді жеткіземіз. Сосын қалғандары да қамтылады.


Хабарламаларға жазылу