Түркістан облысында 300-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 300-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

16.11.2021

Бұл деректер облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тексеру жұмыстарының нәтижесінде белгілі болған. Мемлекеттік орган тарапынан 24 мыңнан астам іс құжаттары сараланған. 330 құжат бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 28 миллион теңге шамасында. Ал Арыс қаласында атаулы әлеуметтік көмек тағайындайтын мекеменің есепшісі мұқтаждарға берілетін қаражатты оңды-солды шашқан. Қазір бұл іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі айналысып жатыр.

Әсия Құралбаева, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Заңсыз тағайындалған деген былай тұрсын, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бермей, қол қойылған. Сыбайлас жемқорлықтың бірінші ұшы - сол. Есеп-қисап бөлімінің бас бухгалтері туысқанын, інісін, кім бар - атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болмаса да, ведомость толтырып бере берген.  


Хабарламаларға жазылу