Түркістан облысында индустриалды аймақтағы зауыттардың 70 пайызы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында индустриалды аймақтағы зауыттардың 70 пайызы тоқтап тұр

16.11.2021

Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда кәсіпорындардың жағдайы мүшкіл. Зауыттардың 70 пайызға жуығы жұмысын тоқтатқан. Облыстық Инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов осылай дейді. Шенеуніктің айтуынша, уақытында қыруар қаржы жұмсалып, іске қосылған нысандарды шетелдік инвесторларға көрсетудің өзі ұят. Кейбірінде жұмыс 100 пайыз аяқталмаған. Ал енді бірінде электр жабдықтары қолды болып кеткен.

Жалпы, Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ құрылған. Оның жалпы аумағы 698 гектарды құрайды. Өндіріс орталықтарына қажетті инфрақұрылымды жүргізу үшін кезінде бюджеттен 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Қайрат Әзімов,  облыстық Инвестиция және экспорт басқармасының басшысы:

9 индустриалды аймақтың 70 пайызы өте мүшкіл жағдайда. Оның инфрақұрылымынан бастап басқа да проблемаларын көтерсек, біраз талқылаймыз. Индустриалды аймаққа инвестициялық жобаларды орналастыра алмасақ, онда неге ашылды? Кезінде сонша қаражат бөлінді. Қазір аудан әкімдіктері деңгейінде шешілмеген біраз сұрақ бар. Оған аудан әкімдіктерін де кінәлауға болмайды.


Хабарламаларға жазылу