Президент: Адам құқығы басты назарда болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Адам құқығы басты назарда болуы керек

16.11.2021

Адам құқығы басты назарда болуы керек. Бүгін Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде осыған ерекше тоқталды. Қоғам белсенділері бұл елдегі біраз проблеманың жүйеленуіне ықпалын тигізеді деп отыр. Әсіресе ана мен бала құқығын қорғау мәселесіне басымдық берілмек. Бұл ретте әлеуметтік, тәрбиелік және оңалту шараларын күшейте түсу керек екені де айтылды. Сондай-ақ жиында қоғамның өзекті тақырыбына айналған несие тақырыбына қатысты ерекше тапсырмалар берілді.

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:

Қазір біздің азаматар жарты триллионға жуық қаржы қарыз екен. 100 мыңдаған адамның банкке қарыз. Оларға бір жақсы жеңілдік болады деп есептеймін. Қиын жағдайға түскен азаматтардың соңғы үйін тартып алмайтындай немесе банктердің алдауына түспейтіндей,  жақсы тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу