Көліктің қымбаттауына сұраныстың артуы себеп – Бейбіт Атамқұлов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктің қымбаттауына сұраныстың артуы себеп – Бейбіт Атамқұлов

16.11.2021

Көлік бағасы Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша өсіп жатыр. Себебі елде шығарылмайтын шетелдік автокөліктер де қымбаттаған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осылай деді. Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, бағаның өсуі көрші Ресейде, Қытай нарығында, тіпті Еуропа елдерінде де байқалып отыр.

Себебі пандемия кезінде банктер жұмысын тоқтатты. Енді бәрі қалыпқа түсе бастаған соң, көлікке деген сұраныс бірден артқан. Бағаның көтерілуі соған байланысты дейді министр. Сондай-ақ, электронды жүйесінде арнайы чип қойылмаған Еуропа, Жапония және Корей кәсіпорындары көлік өндірісін қысқартуға мәжбүр болған. Қымбатшылықтың бір себебі - осы.


Хабарламаларға жазылу