АҚШ-тың фармацевтикалық компаниясы Pfizer әлемнің 95 елінде өзінің коронавирусқа қарсы таблеткаларын шығаруға және сатуға рұқсат берді. Ол мұндай келісімді Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған «Дәрілік құралдардың патенттік пулы» коммерциялық емес қорымен жасаған. Бұл уағдаластық нәтижесінде жер шары тұрғындарының 53 пайызына ковидтен емделу қолжетімді болмақ.
Pfizer осы айдың басында мәлімдегендей, оның «Паксловид» деген таблеткалары қауіпті топқа кіретін ересектер арасында коронавирустан ауруханаға түсу және қайтыс болу оқиғаларын 89 пайызға азайтады екен.
Жаңа эксперименталдық дәріні шығару және саудалау патенттері негізінен Африка мен Азия дамушы елдеріне берілмек.
Арыстан Рысбек