Алматыда заңсыз дәрі жасағандар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз дәрі жасағандар жазаланды

17.11.2021

Алматыда қылмыстық топ мүшелері күмәнді дәрілік препараттарды дайындағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Жедел әрекет ету нәтижесінде Алматы облысының Іргелі ауылынан астыртын цехтың жұмысы әшкере болды. Сонымен қатар, дәрілерге арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана мен заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма анықталды. Нысанды тінту кезінде «Ротацеф», «Солкосерил», «Кальций Д3 никомед» және «Цераксон» сияқты 60 мыңнан аса қапталған дәрілер тәркіленді. Осы әрекеттері үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі сотталды.

Мұрат Оспанов, Алматы қалалық Экономикалық тергеу-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген препараттардың жалпы құны 250 миллион теңгеден асады. Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, оларға 5 жарым жылдан 7 жарым жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 


Хабарламаларға жазылу