Өлім жазасын алып тастау туралы заң қандай да бір ескертпесіз қабылдануы керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жуырда Мәжіліс Қылмыстық кодексті хаттама мен оған жасалған ескертпеге сәйкес келтіруге бағытталған заң жобасын мақұлдаған болатын. Онда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13-бабынан алынып тасталса, 4-бабында сақталып қалды. «Енді бұл мәселеге де нақты нүкте қойылатын болды» - дейді адам құқықтары жөніндегі мамандар.