Шымкентте 4 азаматтың сібір жарасын жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 4 азаматтың сібір жарасын жұқтырғаны анықталды

18.11.2021

Шымкентте 4 азаматтың сібір жарасын жұқтырғаны анықталды. Денелерін жара басып, дене қызуы көтерілген бұл азаматтар дер кезінде аурухана барып, ем-дом қабылдағандарының арқасында аман қалды. Ал ауру малдың етін жеген өзге азаматтар 15 күнге карантинге жатқызылды. Қазір жағдайлары жақсы. Қатерлі індет Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы отбасылардан анықталып отыр. Кейіннен белгілі болғандай олар ауру жылқының етін Түркістан облысының Сайрам ауданындағы кәсіпкерден соғымға бөліп алған. Осы жағдайға байланысты ветеринарлық бақылау инспекциясы тұрғындардың тоңазытқышқа салып қойған еттерінен және мал сойылған жерден санамалар алып, зертханаға жіберді. Алайда сараптама қорытындысы мал етінде инфекцияның болғанын теріске шығарған.


Ерлан Аманбеков, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспеция басшысының орынбасары:

Сойылған жылқы малының терісінен, топырағынан алынған сынама нәтижесі сібір жарасы ауруына микроскопиялық, бактериологиялық , биологиялық ПТР зерттеу әдістері бойынша теріс деген қорытынды беріліп отыр. Және етті боршалаған жердегі топырақ сынамасы да теріс нәтиже көрсетіп отыр.


Хабарламаларға жазылу