Түркістан облысы Шардара ауданының шаруалары биылғы қуаңшылыққа байланысты суды аз қажет ететін дақылдарды егуге көшті. Себебі жыл басында аудан көлемінде ағын су тапшылығы болатыны алдын ала ескертілген. Мәселен, диқандар мақта мен күріш алқаптарын азайтып, орнына мал азығы болатын жоңышқа мен жүгерінің көлемін көбейтті. Нәтижесінде мақталықтың аумағы 18 мыңнан 12 мыңға, күріштік алқап 1400-ден 900 гектарға дейін кеміді. Мамандар шаруалардың ауыспалы егістен зиян шекпегенін айтады.
Ағатай Тәженов, Шардара ауданы әкімінің орынбасары:
Жоңышқа дақылын алатын болсақ, шаруаларға өте тиімді болды. Өнімділігі де жоғары болды, бағасы да құрғақшылық болуына байланысты өте жоғары болды. Күріштен де жақсы өнім алды. Күріш еккен диқандар, мысалы, 90 центнерден өнім жинады.