Павлодарда мас адамды қар үстінде сүйрелеген полиция қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Бейнетаспаны сол арадағы жүргіншілердің бірі түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Онда қос полицейдің айықтырғыш мекемеге көліктен тускен адамды қармен сырғытып кіргізгені анық көрінеді. Қазір өрескел әрекетке барған қызметкерлердің кім екені анықталып, қызметтік тексеру жүріп жатыр.
Жанар Белялова, Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі:
30 жастағы ер адам қатты масайып, көшедегі адамдарға сес көрсеткен. Аяғын баса алмай, құлаған. Аяз болғандықтан оны бірден айықтыру үшін уакытша ұстау мекемесіне әкеледі. Бірақ ол азамат полицияға бағынбай, қарсылық танытады. Қазір тексеру жүріп жатыр. Қызметкерлер кінәлі болған жағдайда әрине жазаланады.