Қызылорда облысында адасқан қойшы мен баласы екі күннен кейін табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында адасқан қойшы мен баласы екі күннен кейін табылды

19.11.2021

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында екі күн бұрын жапан далада жоғалып кеткен қойшы мен оның баласы аман-есен табылды. Олар атпен 80 шақырым қашықтағы Аққыр ауылына азық-түлік алуға келген. Бірақ қайтарда қар жауып, бұрқасын желде жолдан жаңылған.

Екі күн далада түнеген оларды құтқарушылар елдімекеннен 45 шақырым жерден тауып алды. Қарлы боранда адасып, жан сауғалаған қойшы сайға тоқтаған. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу