Павлодар облысында вакцина паспортын сатып алған тұрғынның ісі әшкере болды. 7 тұрғыны екпе құжатын қолдан алғанын мойындаған. Бірақ заңсыз құжатты Павлодардан емес, басқа аймақтардағы тамыр-таныстары арқылы алдырған.
Ал бүгін аймаққа Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. 29250 доза. Бұл екпені облыста 63180 адамға егу жоспарланған. Әзірге тек 500-ге тарта тұрғын вакцинаның осы түрін салдыруға өтініш берді.