«Ауыл» ХДП партиясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «30 игі іс» акциясын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» ХДП партиясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «30 игі іс» акциясын қолға алды

19.11.2021

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «30 игі іс» акциясын қолға алды. Игі бастама аясында саяси ұйым өкілдері бүгін Кентау қаласының мұқтаж тұрғындарына жылыту құрылғыларын тарту етті. Сондай-ақ, жылыту қондырғысын орнату үшін қаржылай демеушілік көрсетті. Әрі жергілікті мешітке 30 дана діни кітап сыйлады.

Уәлихан Әбдуәлиев, «Ауыл» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы:

Аулада  тұрмысы төмендеу, жылу мәселелері бар, кейбір үйлер жылымай жатады. Сол үйлерге «Ауыл» партиясы атынан 45 жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін тапсырдық. Қазір адамдар алып, игіліктеріне пайдаланып жатыр.


Хабарламаларға жазылу