Аяқ киімді сандық таңбалау бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Тауар өндіруші алматылық кәсіпкерлердің сөзінше, бір жұп аяқ киім құнына шамамен 10 теңге қосылады. 1 қарашада елде аяқ киімді цифрлық таңбалау басталған. Кәсіпкерлер осы күнге дейін шығарған немесе импорттаған тауарын келер жылдың сәуір айына дейін сата алады. Содан кейін тек сандық таңбалаудан өткен аяқ киімдерді саудалауға рұқсат бар. Жаңа талап заңсыз тауар тасымалдаушылармен күресу үшін енгізілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда аяқ киімнің көлеңкелі нарығы 48%-тен асып кеткен.
Ақерке Бектас