Алдағы күндері елімізде қатты аяз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері елімізде қатты аяз болады

22.11.2021

Алдағы күндері ел аумағында қатты аяз болады. Қазгидромет мамандары осылай деп болжам жасап отыр. Ертеңнен бастап 25 қарашаға дейін бірқатар облыстарда тұман, көктайғақ және екпінді жел тұруы ықтимал. Ал республиканың солтүстік аймақтарында бұрқасын жел мен боран соғады деген болжам бар. Батыста, солтүстік-батыс пен теріскейде ауа температурасы -23 градусқа төмендейді, күндіз минус 15 градус аяз болуы мүмкін.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу