Германия саясаткерлері коронавирусқа қарсы вакцина алуды міндеттеу мәселесін талқылап жатыр. Өйткені қазір елде пандемияның төртінші толқыны өршіп тұр. Соңғы статистикаға жүгінсек, жексенбі күні елде 3700-ден астам адамнан ковид анықталған. Мұндай ахуал 14 күн қатарынан байқалып отыр. Ал екпенің екі компонентін салдырғандар 68 пайызға енді жетті. Сондықтан халықты толық иммундау өзекті мәселеге айналды.