Сиыр мен тауық еті бір жылда 11 пайызға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сиыр мен тауық еті бір жылда 11 пайызға қымбаттаған

22.11.2021

Ал сиыр мен тауық еті бір жылда 11 пайыздай қымбаттаған. Бұл ең жоғары жылдық өсім. Energyprom сарапшыларының мәліметінше баға әсіресе Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкентте айтарлықтай көтерілген. Қазір жылқы етінің елдегі орташа құны 2600, қой еті 2400, сиыр еті 2300 теңге. Тауар бағасының өсуіне сарапшылар жемнің қымбаттауы себеп дейді. Айтуларынша ет құнының 70-80 пайызы жемге байланысты. Мәселен арпа бағасы былтырдан бері екі есе өскен.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу