Сыр өңірінде 1590 адам «Рfizer» вакцинасын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде 1590 адам «Рfizer» вакцинасын алды

23.11.2021

Қызылорда облысында «PFIZER» вакцинасын алушылар қатары көбеюде. Бүгінде аймақта 1600 жуық адам АҚШ-тан әкелінген екпенің алғашқы дозасын салдырды. Бір жетінің ішінде ата-анасының рұқсатымен ерікті түрде мыңның үстінде бала вакциналаудан өтті. Сондай-ақ, 433 жүкті және босанған әйелге екпе салынған.

Жалпы, өңірге 23400 дана «PFIZER» вакцинасы жеткізіліп, барлық ауданға үлестірілді. Олар әрбір емдеу орынында арнайы тоңазтқышта сақталуда. Және медициналық талаптарға сай егілуде дейді мамандар.

Жангелді Шаймбетов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы,  «PFIZER» вакцинасының бір флаконын ашқан кезде 6 адамды күтеміз. Және 6 сағаттың ішінде егілуі қажет. Вакцинация жұмыстарын жүргізуге облысымыз бойынша 106 егу пункті қарастырылған. Сол барлық егу кабинеттерінде осы қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. 

Оқшаулау режимін бұзған 24 тұрғынға айыппұл салынды

Ал облыста коронавирус инфекциясының таралуы азайды. Дегенмен күнделікті 20 адамға дейін індет жұқтырғандар анықталуда. Әсіресе науқастармен байланыста болып, оқшаулау режимін сақтамайтындар көбейген. Мәселен, «Ashyq» платформасы арқылы 24 тұрғын «қызыл» статусы бола тұра қоғамдық орындарға барған. Оларға заң талаптарына сәйкес айыппұл салынды.


Хабарламаларға жазылу