Испанияның Пальма аралында вулканның отты лавасы өзен тәрізді төмен қарай әлі төгіліп жатыр. Ол Атлант мұхитына құйылады.
Айта кетсек, бұл жанартау қыркүйектің ортасында оянып, осы күнге дейін 2 мыңдай ғимарат пен үйді қиратқан. Және де 7 мыңдай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Рейтердің хабарлауынша, зардап шеккен тұрғындарға көмекке үкімет 225 миллион еуро бөлетінін жариялап отыр.