Жаңа жылдағы корпоративтік кешке рұқсат беру шешімін әр өңірдің бас санитар дәрігері өзі қабылдайды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір облыста қоғамдық тамақтану орны мен концерттегі адам санына қатысты талаптар бекітіледі. Нақты қанша адамға рұқсат берілетіні эпидемиологиялық жағдайға қарап шешіледі. Яғни, өңірдің коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақта тұруы ескеріледі.
Берік Көшербай