Венгрияда ресми мәліметтерге сай, 1 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Ал соңғы үш тәулікте елде 27 мыңнан астам адам індетке шалдықты. Мұнда коронавирустың төртінші толқыны жүріп жатыр. Вирус өршігесін, үкімет дүйсенбіден бастап вакцина салу науқанын жеделдете түсті. Бұған қоса, халықты үшінші мәрте иммундау да қолға алынған. Соңғы деректерге сай, венгриялықтардың 6 миллионнан астамы екпенің бір компонентін, 5 миллион 800 мыңға жуығы екі дозасын алса, ал 2 миллионға жуық тұрғын үшінші мәрте вакцина салдырған.
Арай Төлегенқызы