Атырау облысында тұрғындарды қайта вакциналау басталды. Екпенің үшінші құрамдас бөлігін алғаш болып дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлер алды. Бүгінде 248 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Індетке қарсы дәрілік препараттың екінші құрамдас бөлігін 226 700-ге жуық тұрғын алды. Жалпы өңірде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Соңғы тәулікте тек 5 адамнан ковид анықталған. Ііндетке шалдыққандар қатары азайған соң, қалада қазір тек бір стационар жұмыс істеп тұр.