Ақтөбеге «Pfizer» вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеге «Pfizer» вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді

24.11.2021

Ақтөбеге «Pfizer» вакцинасының 40 мың дозасы келді. Алғашқы күні преператты 6 адам қабылдады. Екпе салдырғандардың арасында оқушылар да бар. Дәрігерлердің айтуынша, әлемнің 74 елінде мойындалған «Pfizer»-ді баласына салуға ниетті ата-аналар жетерлік. Сондай-ақ, өңірде ревакцинация басталды.

Айгүл Аманжолова, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда облысымызда жүкті әйелдер, жасөспірімдер және емізетін аналарды «Pfizer» компаниясының вакцинасымен егу басталды. Алған балалар мен ата-аналардың жағдайы жақсы. Бұл вакцина барлық қалалық және аудандардағы емхана және білім беру ұйымдарындағы медициналық ұйымдарда жүргізілетін болады.


Хабарламаларға жазылу