Вирусолог: Вакцина салдырмаудың салдары орасан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусолог: Вакцина салдырмаудың салдары орасан

24.11.2021

Еуропада халықтың вакцинаға қарсылық танытуының салдары коронавирустың жаңа толқынына әкеп соқтырды. Бельгиялық иммунолог Жан-Люк Галаның пікірі осылай. Ол екпенің көмегі көп тиді, әйтпесе Еуропа елдеріне жаппай локдаун енгізілер еді деп санайды. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 90 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған. Сондай-ақ сарапшы дерттің дендеуін уақытпен байланыстырып отыр. Яғни, халықтың басым бөлігі жарты жыл бұрын екпе алған. Дәрігер егде жастағы кісілерге үшінші қайтара вакцина салуды бастау керек деп есептейді.


Хабарламаларға жазылу