Контрабандалық жолмен тауарды шекарадан өткізбек болған қырғыз азаматы ұсталды. Ол Қытайдан Қырғыз Республикасына «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы балалар мен спорттық аяқ киімдерін тиеп әкетпекші болды. Тексеру барысында тауарлардың ешқандай рұқсат құжатынсыз, декларациядан өтпегені анықталды. Алынған тауардың жалпы сомасы 73 миллион теңгені құрады. Қылмыскерге екі миллионнан асатын теңге көлемінде айыппұл салынды. Барлық тәркіленген тауар мемлекеттік бюджетке кіріс ретінде аударылмақ.