Түрік лирасы тағы 3 пайызға әлсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы тағы 3 пайызға әлсіреді

24.11.2021

Түрік лирасы бүгін тағы 3 пайызға әлсіреді. Ал өткен тәулікте 15 пайыздай құнын жоғалтқан еді. Валюта бағамының төмендеуіне инфляция мен оның экономикалық зардабы едәуір әсер еткен.

Айта кетейік, түрік ақшасы 11 күн қатарынан құнсызданып, жыл басынан бері 43 пайызға құлдырады. Жақында президент Реджеп Тайып Ердоған орталық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендетуін қолдады. Оның сөзінше, мұндай монетарлық саясат елге инвестиция тартуға, экспортты арттырып жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеспек. Алайда мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі қаржы нарығында доллардың қымбаттауына әкеп соқтырды.


Хабарламаларға жазылу