Қарағанды облысының көктайғақ салдарынан жолдарда көлік қозғалысы қиындады. Балқашқа барар автобанның Ақсу-Аюлы-Ақшатау елдімекендері аралығында асфальтқа мұз қатты. Тіпті жүк көліктерінің бірі аударылып қалған. Кешегі күні қар ерісе, бүгін ауа температурасының төмендеуі мен бұрқасын салдарынан жолдар көктайғаққа айналды.
Облыстың кей аумақтарында 23-28 м/с дейін жел соғып тұр. Синоптиктер ертең де осындай ауа райы болатынын хабарлады. Әзірге жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ.