Елімізде екі мың пайызбен несие беретін шағын қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екі мың пайызбен несие беретін шағын қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу керек

24.11.2021

Елімізде екі мың пайызбен несие беретін шағын қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу керек. Өйткені жұртқа интернет арқылы ақша таратын фирмалар аңғал клиенттерді алдап жатыр. Бүгін осылай деген мәжіліс депутаттары халық қарызға белшеден батып жатыр дейді. Айтуларынша микро несие беретін ұйымдарға екі жыл бұрын мөлшерлемені 56 пайыздан асырмау туралы шектеу қойылған. Бірақ бұл норманың 145 мың теңгеге дейінгі шағын несиелерге қатысы жоқ. Сол үшін 50 мың 100 мың теңге алса да, төлем күнін кешіктергендер берешегін еселеп қайтаруға мәжбүр. Оның үстіне жасырын пайыздар тағы бар. Сол үшін Ұлттық банк онлайн несие беретін ұйымдардың жұмысын шұғыл реттеуі керек деді.

Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

145 мың теңгеге дейін шағын несие алып, қарызын төлей алмай жүргендер өте көп. Олар негізінен пәтерақыға, емделуге, тамаққа деп қарызған әлеуметтік әлсіз топ өкілдері. Олардың несиесінің жылдық мөлшерлемесі 2333 пайызға дейін жетеді.  

Хабарламаларға жазылу