Ағылшын каналында 27 мигрант суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағылшын каналында 27 мигрант суға батып кетті

25.11.2021

Францияның Кале қаласы маңындағы жағалаудан Ұлыбританияға аттанған 27 мигрант қаза тапты. Олар мінген қайық Ағылшын каналына батып кеткен. Премьер-министр Борис Джонсонның мәлімдеуінше, бұл – 2014 жылдан бері осы су арнасында болған ең үлкен апат.

Құрбандардың ішінде бес әйел мен кішкентай бала бар. Қайғылы оқиғаға байланысты 4 күдікті тұтқындалды. Оларғы адамдарды каналдан заңсыз өткізбек болды деген айып тағылуы мүмкін. Жыл басынан бері осы Ла-Манш арқылы Ұлыбританияға 47 мыңдай мигрант өтпек болды. Олардың 7800-і теңізге батуға шақ қалғанда құтқарылған. 


Хабарламаларға жазылу