Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Даниял Ахметов Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Айтуынша, халыққа вакцина салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындардың 100 пайызы екпенің бірінші компонентін алған.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Өңірде 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.