Жамбыл облысында тәртіп сақшылары тұрғыннан қару-жарақ тәркіледі. Каменка ауылының 32 жастағы азаматы «Калашников» автоматы мен тегіс ұңғылы атыс қаруларын және оқ дәрілерді заңсыз сақтап келген.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Алынған қару жарақтардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалған.