Наурыздың алғашқы күндері Алматыда бірінші рет халықаралық спорттық би сайысы өтті. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен «Тарлан» спорттық би клубы ұйымдастырған турнирге алыс-жақын шетел мен республикамыздың әр қалаларынан 600 жұп қатысты.
Светлана Маливанова, «Tarlan Cup-2014» турнирінің ұйымдастырушысы:
Біз бұл байқауды жылда өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бізде спорттық би мектептері көп. Танылмаған таланттар да жетерлік. Сондықтан, мұндай сайыс қатысушыларды қанаттандырып, елдегі би түрінің өркендеуіне жол ашады.
Жазира ИСАЕВА