Сомали астанасы Могадишода жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. 17 тұрғын жараланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың халі мүшкіл. Жапа шеккендердің 13-і - мектеп оқушылары. Жарылысты «әл-Каида» террористік ұйымымен байланыстағы «әш-Шабаб» тобы өз мойнына алды. Олар шабуылды Африкалық одақтың Сомалидегі бітімгершілік миссиясы қызметкерлеріне қарсы бағыттаған.
Көлікке қойылған бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосты. Одан бірнеше ғимаратқа зақым келді. Тағы бір мәліметтерге сай, жарылыстан кейін атыстың жаңғырығы естілген.