Мейрамханада тамақтану құны 6%-ке өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамханада тамақтану құны 6%-ке өскен

25.11.2021

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі биыл 8,8%-ке қымбаттады. Ал мейрамханада тамақтану құны 6%-ке өскен. Әсіресе Түркістан облысында қымбат. Бұған дейін дәмханалар желісінің иелері мейрамхана, асханалардағы бағаның 15 пайызға шарықтағанын айтқан. Статистикалық мәліметтерге қарағанда саладағы кәсіпкерлердің көбі нысанды жалға алады. Ал жалдау құны былтырмен салыстырғанда 3 пайызға көтерілді. Мәселен, мейрамханалар ғимараттың шаршы метріне 3300 теңге, асханалар 1400 теңге төлейді. 

Хабарламаларға жазылу