2025 жылға дейін елордада 50 жаңа мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылға дейін елордада 50 жаңа мектеп салынады

25.11.2021

2025 жылға дейін елордада 50 жаңа мектеп салынады. Биыл 8 білім ордасы ашылды, тағы 7 нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының бас қалада орындалу барысына қанықты. Жыл басынан бері шахарда 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, 7 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 96 көше жөнделді.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек «Өндіріс» тұрғын алабындағы сауықтыру кешеніне барды. Жыл соңына қарай мұнда күн сайын 500-дей адам самбо, кикбоксинг, пауэрлифтинг және басқа да спорт түрлерімен айналыса алады. Ал 2-ші Жылу электр орталығын газға көшіру жұмыстары 95%-ға аяқталған.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасының, Президентіміздің саясаты әрбір қарапайым азаматқа жағдай жасау. Партия тарапынан ауылдық жерлерде де газ мәселесі, су мәселесі, жол мәселесі. Соған қыруар ақша бөлініп жатыр. Сондықтан біздің қаламыз біз тұратын сапалы болу керек.


Хабарламаларға жазылу