Елімізде 756 мың борышкер мүлік салығын, 160 мыңдай азамат жер салығын төлемеген. Олардың жалпы қарызы 3,2 млрд. теңгеден асты. Борышкерлердің ең көбі Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан қалаларында. Салық комитеті берешегін өтемеген жеке тұлғалардан мәжбүрлеп өндіру туралы бұйрық шығарды. Қарызы барлар ескерту жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешегін өтемесе, іс жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Одан әрі шоттарды бұғаттау, берешек соманың көбеюі мәселелері туындауы мүмкін. Сондықтан азаматтар салығының бар жоғын тексеріп отырғаны жөн, дейді кірістер комитетінің өкілдері. Әрі уақытылы төлеуге кеңес береді. Ол үшін үйден шықпай-ақ смартфоныңызға «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз. Ары қарай Электронды сервистер, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметті таңдап, жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізсеңіз жеткілікті.
Раушан Сайлауқызы