Алматы облысында шекарадан заңсыз шығарылған 73 млн теңгенің жүгі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында шекарадан заңсыз шығарылған 73 млн теңгенің жүгі тәркіленді

26.11.2021

Қырғыз елінің азаматы балалар және спорттық аяқ киімдерді «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы өткізіп, Қырғызстанға жеткізбек болған. Экономикалық контрабанда дерегін Қаржы мониторингі Агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтады. Заңсыз өткізілмек болған тауардың жалпы сомасы - 73 млн теңге. Ілеспе құжаттарда жалған мәлімет көрсетілген. Тауар декларацияланбаған. Заң бұзушыға 2,2 млн теңге айыппұл салынды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу